Қара зере(черный тмин) Қандай ауруларға ем?
Қара зере(черный тмин) Қандай ауруларға ем?
  • Қандай ауруларға ем? 

    Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі:

    Қандағы холестеринді азайтады;
    Ағзаны улы заттардан тазартады;
    Иммунитет жүйесін күшейтеді;
    Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;
    Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;
    Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;
    Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;
    Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;
    Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;
    Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);
    Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;
    Несеп жолдарын тазалайды;
    Ішті жүргізеді;
    Ішек құрттарын жоюға көмек береді;
    Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;
    Сүйелді кетіреді;
    Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;
    Белсіздікке ем;
    Семіздіктен арылуға көмектеседі;
    Тәбетті арттырады;
    Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады,
    Етеккiр циклын қалпына келтіреді т.б.
    Тарихы

    Қара зерені бірнеше ғасырдан бері миллиондаған әлем тұрғындары салауатты өмір салтын сақтау үшін емге қолданып келеді. Шығыс халықтары оны тамаққа дәмдеуіш ретінде де пайдаланады. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдіктің емдік күшін көптеген мұсылман ғалымдары, сондай-ақ Ибн Сина мен әл-Бируни (Х-ХІ) де мойындап, өз еңбектерінде атап өткен. 

    Хадистерде не айтылған?

    Қара зеренің емдік қасиетінің молдығын мұсылман жұртшылығы ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздан (с.а.с.) біледі. Сол уақыттан бергі 15 ғасыр ішінде бұл шипалы өсімдік халықтық медицинада кең қолданысқа еніп кетті. Хадистердің бірінде қара зеренің бойы тұнып тұрған ем екендігі былай білдірілген:

    «Қара зерені пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» (Бұхари, Тыбб, 7; Мүслим, Сәлам, 88).

    Әнас ибн Мәліктің (р.а.) риуаятына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) науқастанған кезде қара зерені алып, оны сумен не балмен қосып ем ретінде қабылдаған.

    Халид ибн Сағыд та өзі куә болған мына оқиғаны былай деп әңгімелейді:

    «Бір сапарда Ғалиб ибн Әбжар сырқаттанып қалды. Мәдинаға жеткенде де кеселінен айыға қоймады. Жағдайын білуге келген Ибн Әбу Атиқ бізге: «Сендер оған мына қара зерені беріңдер. Алты не жеті түйірін алып ұнтақтап, мұрнының екі жағына кезек-кезек майға қосып тамызыңдар. Өз басым Айшадан (р.а.) Расулаллаһтың «Расында осы қара дән (қара зере) өлімнен басқа барлық дертке шипа» деген хадисін естігенмін» деді». (Бұхари риуаят еткен).

    Ғылыми зерттеулер

    Соңғы жарты ғасырдан бастап қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Нәтижесі таңғаларлық. Мұны клиникалық зерттеулер де дәлелдеп отыр. 

    1960 жылы профессор Дахақна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген.

    1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталды.

    АҚШ-тағы зерттеулерде қара зеренің улы заттарға қарсы ересен емдік күші бар екендігі дәлелденді.
     
  •  
    1. Бұха ри, Әбу Аб дил лаһ Мұ хам мед ибн Ис майл. әл-Жа миус-са хих.
    2. Мүс лим. Әбул Ху сәйн ибн Хаж жаж. Са хих.
    3. Қара зере – күллі дерттің дауасы. Құрастырған: Сәбит Ибадуллаев. Алматы 2010 ж. 54 бет.
    4. Шиков А.Н., Макаров В.Г., Рыженков В.Е. Растительные масла и масляные экстракты: технология, стандартизация, свойства. – М.: Издательский дом «Русский врач» – 2004. 264 бет.
    5. http://www.tiensmed.ru 

    Құдайберді БАҒАШАР
Batyrbek NurmagambetBatyrbek Nurmagambet
1 ай бұрын 543
0 пікір
Блог туралы