ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ

ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ✔

Бiр күнi Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешiтке кiрген бетте Әбу Умәмә есiмдi ансарлардан болған бiр кiсiні көрiп, оған:
«Ей, Әбу Умәмә, сенi намаздың уақытынан тыс кезде мешiтте мына күйде отырғаныңды көретiндей не жағдай болды?» деп сұрағанында, ол: «Иә, Расулуллаһ! Бұған себеп - басымдағы қарызым мен күйзелiсiм» деп жауап бередi.Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «(Олай болса) таңертең және кешке Алла Тағаладан: «Иә, Тәңiрiм! Күйзелiс және қайғыдан, әлсiздiк пен жалқаулықтан, қажырсыздық пен сараңдықтан, қарызға бату мен адамдардың ашуынан өзiңнен пана тiлеймiн» деп дұға ет дедi. Осы оқиғадан кейiн Әбу Умәмә былай дедi: “Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай қылдым. Алла Тағала уайымдап, абыржығанымды кетiрiп, қарызымды өтеуiмдi нәсiп еттi. 
(Әбу Дәуд)

ДҰҒАНЫҢ ОҚЫЛУЫ: 
Аллаһуммә инни әъузә бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл.

Batyrbek NurmagambetBatyrbek Nurmagambet
10 күн бұрын 1304
0 пікір
Блог туралы