Намаздан кейін қай дұғалар оқылуы керек?
Намаздан кейін қай дұғалар оқылуы керек?

Намаздан кейін оқылуы керек болған арнайы дұғалар жоқ. Әркім қажеттілігін сұрап дұға етеді. Әрқашан бір дұғаны қайталай беруге де болмайды. Өзінің не қалайтынын біліп, түсініп дұға етуі керек, өзінің не сұрап жатқанын білмей дұға етуге болмайды. Белгілі бір нәрселерді жаттап алып, тақпақ айтқан сияқты дұға ету мәкрух болып табылады. Дұғаны сергек, ояу көңілмен дауыссыз оқу керек. Дұғаны тек намаздардан кейін ғана немесе белгілі бір уақыттарда жасау мәкрух болып табылады. Әр мүмкіндікте дұға ету керек!

Мысалы былай дұға етуге болады:

Әлхамдулилләhи Раббилаләмин әссаләту уәссәләму алә расулинә Мухаммәдин уә алә  алиhи уә сахбиhи әжмәин.

Йа Раббым! Оқыған намаздарымызды қабыл ете гөр! Ахиретімізді және соңымызды қайырлы ете гөр. Соңғы демімізде кәлимәи тәуһидті айтуымызды нәсіб ет! Өлгендеріміздің күнәларын кешіре гөр!

Аллаhуммағфир уәрхам уә әнтә хайруррахимин. Тәуәффәни муслимән уә әл хиқни биссалихин. Аллаhуммағфирли уәли уәлидәййә уә лилмумининә уәл муминәт йәумә йақумул хисаб.

Йа раббым, бізді шайтанның, дұшпанның және нәпсіміздің жамандықтарынан сақтай гөр. Үйімізге жақсылықтар, қайырлы және берекелі ризықтар ихсан ет! Мұсылмандарға амандық бере гөр! Дін дұшпандарын қарғысқа душар қыл! Мұсылмандарды илаһи жәрдеміңмен құтқар!

Аллаhуммә иннәкә афуун кәримун тухиббул афуә фа’фу анни.

Йа Раббым! Ауруларымызға шипа, дерттерімізге дауа бере гөр! Аллаhуммә инни әсәлукәсиххатә уәлафийәтә уәл-әманәтә уә хуснәлхулқи уәрридаә билқадәри би рахмәтика йа әрхамәррахимин.

Риядан, жанжалдан, әр түрлі аурулардан, қазадан, бәледен, жалқаулықтан, әлсіздіктен, қор болудан, зұлымдық көруден, аздырған байлықтан және аздырған кедейліктен, шайтан және нәпсінің жамандығынан, дұшпанның басымдығынан, жаман мінезден, бидғат жасаудан, адасудан, ықылассыз амалдан, әр түрлі күнәдан, күпірге түсуден, жаман өмірден, өлерде келетін фитнәлардан, дінімізге және дүниемізге зиян беретін нәрселерден біздерді сақта!

Шынайы иман, көркем мінез, шүкір етуші жүрек, зікір етуші тіл, қазаңа және тағдырыңа ризалық көрсетер өмір, аз тамақтану, аз ұйықтау, аз сөйлеу, аз күлу және және дініңе көп қызмет етуді, қабір азабынан және ахырет қорқынышынан құтылуды, өмір бойы ризаңа лайық істер жасауды, шахит болып өлуді және соңғы демде әһли сүннет сеніміне сай иман және тәубе етуді нәсіп ет!

Йа Раббым! Өзіңе деген махаббатты, жақсы көргендеріңе деген махаббатты, Сенің махаббатыңа қауыштыратын амалдарға деген махаббатты маған нәсіп ет! Ілімімізді, ықыласымызды, қабілетімізді арттыра гөр! Жомарт және мейірімді құлдарыңнан болуды нәсіп ет!

Ата-анамызға, бала-шағамызға, туыстарымызға, достарымызға және бүкіл дін бауырларымызға қайырлы өмір және көркем мінез, дұрыс ақыл және денсаулық, дұрыс иман және дұрыс жолды нәсіп ет! Амин.

Уәлхамдулиллаhи Раббилаләмин.

Аллаhуммә салли алә Мухаммадин уә алә әли Мухаммад. Кәмә салләйтә алә Ибраһимә уа алә әли Ибраһим. Иннәкә хамидуммәжид,

Аллаhуммә бәрик алә Мухаммадин уә алә әли Мухаммад. Кәмә бәракта алә Ибраһимә уа алә әли Ибраһим. Иннәкә хамидуммәжид,

Аллаhуммә Раббәнә әтинә фиддунйә хасәнәтән. Уә фил ахирати хасәнәтән. Уәқинә азәбәннар,

Уәлхамдулиллаhи Раббилаләмин. Әстағфируллаh, әстағфируллаh, әстағфируллаh әстағфируллаhәлазыйм, әлкәрим әлләзи лә илаһә иллә hу, әлхаййәл-қаййумә уә әтубу иләйh.

Дұға еткенде аспанға қарау дұрыс емес. Алла Тағала мекенге мұқтаж емес. Кейбір бидғатшылар сияқты Алла Тағаланы аспанда деп ойлау өте қауіпті. Бұхаридің риуаят еткен бір хадис шәрифінде, намаз оқып жатқанда аспанға қарау қатаң түрде тыйым салынған

Batyrbek NurmagambetBatyrbek Nurmagambet
28 дней назад 926
0 комментариев
О блоге