Егер Құран адамның терісі болғанда, ол ешқандай отқа жанбас еді!
Егер Құран адамның терісі болғанда, ол ешқандай отқа жанбас еді!

Сахабалардың бірі Уқба ибн Әмір (р.а) Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізген: «Егер Құран адамның терісі болса және ол адамды отқа салса, өрт оған титтей де зиянын тигізе алмас еді» (Ахмад, әт-Тахауи) 
Иә, күнделікті өмірде де ештеңесі қалмай түгелдей жанып кеткен алып ғимараттардың ішінде тек Құран кітаптың жанбай немесе жартылай ғана от шарпып аман шығатынын көріп жүрміз. Бұл – Жаратушы тарапынан адам баласына анық ескерту ғана. Алланың сөзіне ешкім зиян келтіре алмаса, ол бұрмаланбай, қате-кемшіліктен ада күйде сақталатын болса, демек, жүрегіне Құран ұялаған пенде де дәл солай тозақ отынан аман қалатынына еш күмән жоқ

Batyrbek NurmagambetBatyrbek Nurmagambet
5 жыл бұрын 3585
0 пікір
Блог туралы